Қырымбек Көшербаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырымбек Көшербаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

27.08.2020

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері жөніндегі комиссиясының отырысын өткізді. Онда көлеңкелі экономиканың өсімін тежеу жəне азайту мен мемлекеттік бақылауды одан əрі жетілдіру мəселелері қаралды. Жекелеген сараптамалық бағалаулар бойынша елімізде көлеңкелі экономиканың көлемі ЖІӨ-нің 20%-нан асқан. Келер жылға дейін оны 15-17 пайызға дейін төмендету міндеті қойылды. Сондай-ақ кəсіпкерлерге көрсетілетін қысымды азайтып, олардың мүмкіндіктерін арттыру қажеттігі айтылып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Мемлекет басшысы тарапынан осы салада кең кешенді тапсырмалар берілді. Бұл сұрақтар тікелей біздің комиссиямыздың да құзіретіне жатады. Сондықтан Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке Президенттің аталған кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру барысын тұрақты баяндап отыру тапсырылады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу