Өткен тəулікте коронавирустан 585 адам жазылып шықты. Сөйтіп аурудан айыққандардың жалпы саны 94 мыңға жуықтады.
Жұқтыру көрсеткіші де азайып келеді. Бір күнде 173 адамнан COVID-19 анықталса, коронавирус белгісі бар пневмонияны жұқтырудың 781 жағдайы тіркелді. Осылайша індетке шалдыққандар 128 мыңнан асты.