Атырауда қара уылдырық тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қара уылдырық тәркіленді

14.06.2014
Атырауда қара уылдырық тәркіленді
Атырауда Қаржы полициясы, Табиғат қорғау прокуратурасы және балық қорғау инспекциясының бірлескен іс-шарасы кезінде Атырау қаласының тұрғынының «Нива» автокөлігін тоқтатып, жүк салғышын қараған кезде одан 10 келі бағалы бекіре балығының уылдырығы табылды.
 
Айта кетерлігі, таяуда ғана аяқталған «Бекіре-2014» алдын алу шарасы аяқталып, оның нәтижесінде броконьерлерден заңсыз ауланған 27 тонна балық пен 18 килограмм қара уылдырық тәркіленді. Ал, құрықталған жүргізуші болса, тексеру амалдары бітті, деп қара базарда құны 1 миллион теңгеден асатын тауарды алаңсыз тасымалдап жүрген.
 
Асылбек Мұқанов, Атырау облыстық Табиғат қорғау прокурорының орынбасары:
20 пластикалық ыдысқа салынған барлық салмағы өзіміздің есептеуімізше, шамамен 10 келіден асады. Қазіргі уақытта, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Соның нәтижесімен қылмыстық іс қозғалуы тиіс.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу