Заңсыз уылдырық тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз уылдырық тәркіленді

09.08.2014
Заңсыз уылдырық тәркіленді

Қазақстандық шекарашылар 230 келіге жуық қызыл уылдырықтың жолын кесті. Заңсыз уылдырық «Новосибирск-Алматы» пойызын тексеру кезінде табылған. Шығыс Қазақстан облысы «Ауыл» шекаралық бақылау бөлімшесінің бақылаушылары қызыл уылдырықты жолсеріктің купесінен тапқан.

Зауыттың қаптамасымен оралған екі сөмкедегі контрабандалық тауардың салмағы 30 келі болса, пластмассадан жасалған сегіз контейнердегі уылдырықтың салмағы 200 келіге жетеді.

Саламат ОМАШ

 

Хабарламаларға жазылу