Алматыда əлеуметтік тігін цехы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда əлеуметтік тігін цехы ашылды

20.08.2020

«Бақытты отбасы» орталығының жанынан ашылған кəсіпорында енді көпбалалы аналар жұмыс істеп, өзгелерді де тігіншілікке үйретеді. Игі бастамаға жергілікті əкімдік пен кəсіпкерлер қолдау көрсетіп, қолынан іс келетін аналарға тігін машиналарын тегін алып берген.

Тігін цехында көпбалалы 15 ана жұмыс істеп жатыр. Қазір тапсырыспен маска жəне қорғаныс киімдерін дайындап, медициналық мекемелерге таратуда.

Хабарламаларға жазылу