COVID-19: Елордадағы №1 қалалық аурухана соңғы науқасты шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19: Елордадағы №1 қалалық аурухана соңғы науқасты шығарып салды

18.08.2020

Елордадағы №1 қалалық ауруханада ашылған провизорлық бөлімнің дəрігерлері бүгін соңғы науқасты шығарып салды. Баян Субхангулова екіжақты вирустық пневмониямен 4 тамыз күні түскен. Екі апта ішінде дертінен құлан таза айыққан пациенттің ақ халаттыларға алғысы шексіз.

Дегенмен, қазір қауіп түгел сейіле қойған жоқ. Елордадағы 7 стационарда вирус жұқтырған 301, пневмониямен ауырған 179 науқас ем алып жатыр.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу