Қазақстанда жұмыссыздар саны 8 есеге өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жұмыссыздар саны 8 есеге өсті

18.08.2020
Қазақстанда жұмыссыздар саны 8 есеге өсті

Қазақстанда жұмыссыздар саны 8 есеге өсті.

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

«Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендердің саны жыл басынан бері 8 есеге артқан. Өз кезегінде жұмысқа орналастыру көрсеткіші 11 есеге өсіп отыр. Бүгінде жұмыссыз жүрген 50 200 адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша арнайы төлем алады. Оларға 7 айда 5,5 млрд теңге төленді», - деді министр.

Хабарламаларға жазылу