Елімізде жыл басынан бері жұмыссыздар саны 8 есеге көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл басынан бері жұмыссыздар саны 8 есеге көбейді

18.08.2020

Елімізде жыл басынан бері жұмыссыздар саны 8 есеге көбейді. Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің есебі осындай. Біржан Нұрымбетовтың баяндамасын тыңдаған Үкімет басшысы əрбір жұмыссыз азаматтың профайлы құрылуын тапсырды.

Сонымен қатар Біржан Нұрымбетов электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеп, өз резюмелерін жариялағандар саны 8 есеге өскенін жасырмады. Бірақ оларға жұмыс берушілер тарапынан ұсыныс та 8,5 есеге өскен. Сонымен жыл басынан жұмысқа орналастыру көрсеткіші 11 есе артып отыр.

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу