Елордадағы суағарларға кәріз жүйесін қосып жібергендер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы суағарларға кәріз жүйесін қосып жібергендер анықталды

19.08.2020

Шағын кəсіпорындар мен жекеменшік тұрғын үйлер су жүйесіне қалдық ағатын құбырларын қосып қойған. Жүргізіліп жатқан арнайы рейд кезінде 50-ден аса осындай дерек тіркелді.

Жүйені дұрыс пайдаланбағандарға алдымен ескерту жасалады. Оны елемеген тұрғындарға əкімшілік хаттама толтырылып 55 мың, ал кəсіпкерлерге 83 мың теңге айыппұл салынады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу