Елордалық оқушыларға мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден беріледі

17.08.2020

Биылғы оқу жылына даярлыққа 40 мың теңгеден беріледі. Бірақ бұл көмек аз қамтылған жəне көпбалалы отбасыларға ғана арналған. Қаражат əр оқушының жеке көлік картасына 40 мың бірлік ретінде түседі. Оны арнайы белгіленген сауда орнына барып жарата алады. 

Елордада сондай 27 нүкте белгіленген. Картадағы қаржыға киім, аяқ киім, қажетті оқу құралдарын сатып алу қарастырылған. 

Бас қала бойынша 17 мыңға жуық оқушы осы мүмкіндікке ие. Былтыр сертификат көлемі 30 мың теңге болып, 12 мың 700-дей балаға берілген.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу