Covid-19: Көрші елдердегі жағдай
Өткен тәулікте Ресейде коронавирусты тағы 5057 адам жұқтырды. Осылайша, солтүстіктегі көршімізде «ковид» оқиғаларының жалпы саны 907 мыңнан асып, бұл мемлекет әлемде АҚШ, Бразилия, Үндістаннан кейінгі төртінші орынға шықты. Украинада карантин жеңілдетілгендіктен, соңғы екі айда инфекцияға шалдыққандар күрт көбейіп, олардың қатары 46200-ден асты. Соңғы 24 сағатта мың жарымдай пациент анықталған. Өзбекстанда коронавирустан қайтыс болғандар 210-ға жетті. Соған қарамастан, ресми Тәшкент сенбіде екінші карантинді алып тастамақ. Қырғызстанда тағы 300-ден астам адамнан «ковид» табылып, мұндай пациенттер саны 41 мың 69-ға жетсе, Тәжікстанда 8 мыңға жуықтап қалды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16