Жас Отан жастары ауруханаға екі оттегі аппаратын табыстады

12.08.2020

Жетісулық жастар Ескелді және Көксу аудандарының емханаларына екі оттегі концентратын алып беріп, 5000 мың бетперде тарту етті. Күн-түн демей, қатерлі індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге белсенділер қымыз-шұбат, қорғаныш костмюмдері мен дезинфекциялық сұйықтықтарды да жеткізіп берді. Жалпы Ескелді ауданында 180 адам коронавирус жұқтырса, олардың 130-ы құлан таза сауығып кетті. Симптомсыз отыз адам үйінде емделіп , жиырма науқас облыстық ауруханаға жатқызылған.

Гүлжайна Оразмаханова, Ескелді аудандық емханасының меңгерушісі 

Оттегі концентраты қазіргі жағдайда науқастарға өте керекті құралдардың бірі. Себебі барлықтарыңыз білетіндей бұл кезде науқастарда оттегі жеткіліксіздігі болады. Яғни өкпенің қабынуына байланысты. Сондықтанда осы концентраторлар өте жақсы көмек көрсетіп жатыр. Соның арқасында науқастардың емделуі жоғары деңгейде.


Қуаныш Қанатұлы 

Хабарламаларға жазылу