Карантинді кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізу тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантинді кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізу тапсырылды

11.08.2020

Елімізде карантин кезең-кезеңімен алынады. Бүгін осыған байланысты Үкімет басшысы денсаулық сақтау министрлігіне жоспар құрып, мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді тапырды. Өйткені, соңғы күндері елдегі эпидахуал жақсарып келеді.  Ес жиғызбай кеткен індеттің өсімі қазір тоқтады. Ауру жұқтырушылардан қарағанда дертті жеңіп шыққандар артып келеді. Қазір 73,6 пайызға жетті.  

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қазір Қазақстан ПТР диагностикамен қамту бойынша әлемде 37-орында тұр. Елдегі ауырғандар көрсеткіші өзгертілгенін білесіздер, осыған байланысты тіркелген жағдайлар саны да артты. Дер кезінде диагностикалаудың нәтижесінде Covid-19-дан қаза тапқандар көрсеткіші бойынша жетпісінші орында тұрмыз.  

Вирус репродуктивтілігінің яғни 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 2 есе азайды. Түркістаннан басқа барлық өңірінде қазір жағдай тұрақталды. Осыған байланысты Үкімет басшысы елдің бас дәрігеріне карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына беруді тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:  

Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптастып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын.

Әсима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу