Қазақстанда коронавирус өсімі тоқтады

10.08.2020

Елде коронавирус жұқтырған 99 442 адамның 73 пайызы қазір жазылды. 25 мыңы ем алып жатыр. Оның 4700-і ауруханаларда. 246 науқастың халі ауыр. Дегенмен, бір ай бұрынғы көрсеткіштен жағдай едәуір жақсы. Төсек-орындар мен жансақтау бөлімдерінің жартысынан көбі босады. Бірақ бұл енді еркінсуге болады дегенді білдірмейді. Алда тағы бір қауіпті кезең келе жатыр. Күзде вирустың жаңа толқыны қайталануы мүмкін. Оған ел билігі әзірленіп жатыр. Пессимситік сценарий жұртты үркіту үшін емес, қауіпті еңсеруге тас-түйін дайын отыру үшін жасалуда.   

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:  

Сырқаттанып, вирус жұқтырдым деп күдіктенсеңіз тіркелген поликлиникаңызға барып қаралсаңыз болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей ақ қойыңыздар. Барлық дәрі бар. Әрі ақысыз беріледі. Аптаның соңынан дейін елдің барлық емханаларға жөнелтіледі.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу