Қарағандыда бір тәулікте 155 адамнан коронавирус анықталды

22.05.2020

Қарағанды облысында бір тәулікте Covid-19 індетін жұқтырған 155 адам тіркеліп, науқастар саны 455-ке жетті. Қауіпті дертке шалдыққандардың 133-і «Нұрқазған» кенішінің жұмыскерлері. Қазір кеніште өндіріс уақытша тоқтады. Онда еңбек ететін 1139 адамның барлығынан сынама алынған. Вирус жұтырған 133 адаммен жақын қарым-қатынаста болғандардың да тізімі нақтыланып, бақылауға алынуда. Айта кету керек, «Нұрқазған» кенішінің еңбеккерлері үш қаладан қатынап жұмыс істеген.

Облыста қауіпті індеттің таралу өсімі қазір 43,3 процентті құрады. Өңірдің бас санитар дәрігері карантин режиміне өзгеріс болмайтынын айтты.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу