Қазақстанда барлық пойыздардың қозғалысы тоқтады

03.04.2020
Қазақстанда барлық пойыздардың қозғалысы тоқтады

Қазақстанда пойыздардың қозғалысы тоқтады. Ел ішінде теміржолдағы соңғы қатынас ертең яғни, 4 сәуірде тәмамдалады. Бұл туралы арнамызға сұхбат берген «Қазақстан Теміржолы» АҚ ресми өкілі айтты. Жолаушылар пойыздары, оның ішінде жекеменшік тасымалдаушылар және басқа да теміржол әкімшіліктерінің қозғалысы тоқтатылды. Енді ел-жұрт өңірлер арасында теміржолмен қатынай алмайды. Билетті алдын-ала сатып алған азаматтар еш айыппұлсыз ақшасын қайтара алады. Айта өтейік, 12 наурыздан бері жолаушылар 590 мыңға жуық билетті қайтарған. Карантин аяқталған соң, билет сату кассалары және пойыздар бұрынғы кестемен өз жұмыстарын қайта бастайды.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу