Үндістанның Кожикоде қаласында ұшақ апатқа ұшырады

08.08.2020

Апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағының қара жәшігі табылды (апаттың неден болғанын анықтау үшін арнайы экспертизалық тексеруге жіберіледі).

Соңғы мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 20 адам қаза тапқан. Олардың арасында әуе кемесінің екі ұшқышы бар. 140 адам жарақаттанған.

Апат орнында құтқару жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен ел халқына көңіл айтты.


Хабарламаларға жазылу