Тоқаев ұшақ апатына байланысты Премьер-министр Модиге көңіл айтты

09.08.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына байланысты Үндістан үкіметіне, халқына және Gремьер-министр Нарендра Модидің өз басына көңіл айтты.

Air India Express компаниясының «Боинг» ұшағы бүгін елдің оңтүстігіндегі Керала штатының Кожикоде қаласының маңындағы Каликут халықаралық әуежайында жаңбыр кезінде қону жолағынан тайып кетіп қайта ұшқан. Куәгерлердің айтуынша, содан кейін лайнер қатты қонып, екіге бөлініп қалды.

Әуе кемесінің бортында 190 жолаушы мен экипаж мүшелері болды. 18 адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде екі пилот та бар. Тағы 120-дан астам адам жараланған. 16 адам – ауыр халде.

Ұшақ коронавирус эпидемиясы кесірінен Дубайда қалып қойған үндістандықтарды елге қайтару кезінде апатқа ұшырап отыр.


Хабарламаларға жазылу