Түркістан облысында сұйытылған газ тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында сұйытылған газ тапшы

03.11.2023

Түркістан облысында екі аптадан бері сұйытылған газ тапшы. Бекеттердің басым көпшілігінде жоқтың қасы. Бар болғанның өзінде талон талап етеді. Өзгелері шектеумен беріп жатыр. Салдарынан көлік жүргізушілері әбігерге түсіп, сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Қазір облыс орталығындағы жанармай құю стансаларында 97 тонна газ қалған.

Өңірде 317 газ құю бекеті бар. Жауаптылар, мәселе жуық арада шешіледі деп отыр. Яғни, өңірдегі бекеттерге қосымша 73 тонна сұйық отын жеткізілмек.

Роза Сариева, Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

Күнделікті мәліметті біз газ тарату стансаларынан алып, жинақтап отырмыз. Қай жерде қандай жетіспеушілік бар, аудан-қала әкімдіктерімен және облыстық кәсіпкерлік басқармасымен, оған қоса Бәселекелестікті қорғау департаментінің мамандарымен бірлесіп атқарып отырмыз осы жұмысты.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу