Елімізде 2020 жылғы демалыс күндері ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 2020 жылғы демалыс күндері ауысты

07.11.2019
Елімізде 2020 жылғы демалыс күндері ауысты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», - делінген Қаулы мәтінінде.

Яғни, Жаңа жылда қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда қатарынан төрт күн демалады. Ал 5 қаңтар, жексенбі күні жұмыс істейді. Сондай-ақ 7, 8, 9, 10 мамыр да демалыс күні саналады. Желтоқсанның 16-сы, 17-сі, 18-і, 19-ы да - демалыс күні.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Хабарламаларға жазылу