81 301 отбасына құрбандық еті үлестірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

81 301 отбасына құрбандық еті үлестірілді

03.08.2020

«Құрбан-2020» жобасының арқасында еліміздегі 81 мыңнан астам отбасына ет үлестірілді. Қанат қақты бастамаға Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы мұрындық болды. Игі іске 4 мыңға жуық волонтер атсалысты. Жобаны жүзеге асыру үшін әр өңірде арнайы жұмыс тобы құрылды. Еліміз бойынша алдын ала белгіленген 35 стационарлық қасапханада 394 адам жұмыс істеді. Сондай-ақ, 25 сall-орталық халыққа ақпарат берумен айналысты. Жобаның шарапатын, қарттар мен балалар үйі және ауруханалар да көрді.

Хабарламаларға жазылу