Алдағы жылы жаңа ақылы жолдар енгізіледі

25.12.2017

Алдағы жылы Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас  учаскелерінде ақылы жол жүйесін құру жұмыстары басталады. Бұл жолдар ақылы түрге көшсе, жылына 4 миллиард теңге түсім түседі деген жоспар бар. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев айтты. Дегенмен, әзірге нақты қашаннан бастап ақылы жүйе енгізілетіні белгісіз. 

Бұдан бөлек, министрлік Шымкент-Қызылорда, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Астана-Атбасар аралығындағы жолдар 2016 жылдан бастап ақылы болады деген ақпарат таратқан еді. Алайда, мердігер компаниялардың кесірінен бұл жоспар екі жылға кейін шегерілген. Яғни, келесі жылы жолдарға тиісті құрылғылар орнатылып, дайындық жұмыстары басталады. Жалпы, Үкімет 2020 жылға қарай ақылы жолдардан 30 миллиард теңге кіріс кіреді деп жоспарлап отыр.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу