Түркістанда кесене күмбезін реставрациялау аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда кесене күмбезін реставрациялау аяқталды

29.07.2020

Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің күмбезі қайта қалпына келтірілді. Ескерткіштің бұл бөлігі 3 жыл бойы жабық тұрған еді. Күмбез ғана емес, кесене ішінде сарайлар, хандар жерленген қабірхана, Рабия Бегім бейіті, жалпы, Әзірет-Сұлтан қорығының 18 тұсында реставрациялық жұмыстар жүріп жатыр. Бұдан бөлек кесене маңын көркейтуге күш салынған. 88 гектар аумаққа қалың бау-бақша егіледі. 

Гүлжазира Ғалиқызы

Хабарламаларға жазылу