Түркістанда кесене жабылып, тойға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда кесене жабылып, тойға тыйым салынды

16.03.2020

Шымкент қаласындағы ірі сауда орындарының жұмыс кестесі қысқарды. Сондай-ақ мектептен тыс қосымша білім беретін оқушылар сарайы, аула клубтары, үйірмелер, компьютерлік клубтар қызметі тоқтатылды. Шаһардағы барлық спорт нысандары жабық тұр. Түркістан облысында да осындай шектеулер енгізілген. Мұндағы көпшілік зиярат ететін және туристер жиі саяхаттайтын тарихи орындар да уақытша жұмыс істемейтін болды.

Жылына 1.5 миллион адам саяхаттап келетін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қақпаның жабық тұрғанына бүгін екінші күн. Келушілер тек сәулет ескерткішін сыртынан ғана қызықтап қайтып жатыр. Сондай-ақ мавзолейдің айналасындағы 17 тарихи нысанның да жұмысы тоқтаған. Әзірет Сұлтан мемлекеттік қорық музейі құрамына кіретін Сауран қалашығы мен Укаша ата кесенесі де ешкімді қабылдамайды

Сондай-ақ шаһардағы кинотеатрлар, театр, көрмелер және кароке секілді көңіл көтеру орындары да жабылды. Фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер, моншалардың да қызметі тоқтатылған.


Хабарламаларға жазылу