Президент табиғатқа зиянын тигізгендерге салынатын айыппұл құнын ұлғайтуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент табиғатқа зиянын тигізгендерге салынатын айыппұл құнын ұлғайтуды тапсырды

22.07.2020
Президент табиғатқа зиянын тигізгендерге салынатын айыппұл құнын ұлғайтуды тапсырды

Президент табиғатқа зиянын тигізгендерге салынатын айыппұл құнын ұлғайтуды тапсырды.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

«Ақтаудағы итбалықтарды ұрып-соғу, Бурабайдағы қоқыс үйінділері, Алматыдағы Ботаникалық саябақты бұзу және тоғандарда Қызыл кітапқа енгізілген лотос гүлдерін жұлу, Көбейтұз көлінен тұз алып сату - бұл табиғатқа келтірілген зиянның аз бөлігі ғана. Мұнымен қалай күресеміз? Оның екі әдісі бар: біріншісі - экологиялық білім, екіншісі - айыппұл санкцияларын ұлғайту. 

Бүгін мен Мемлекет басшысымен сөйлестім. Президент табиғатқа зиянын тигізген заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл құнын ұлғайту жағын қарастыруды тапсырды. Еліміздің табиғи байлығын бірлесіп қана сақтай аламыз. Сондықтан журналистерге, блогерлерге, экологтарға, қоғам қайраткерлеріне, қоршаған ортамыздың жай-күйіне бейжай қарамайтын жандарға айтарым, барлығымыз бірігіп, өзіміз үлгі болып, қоғамды, әрбір қазақстандықты табиғатты аялауға, оған қамқор болуға үйретейік», - деді министр.

Хабарламаларға жазылу