Экотуризмді дамыту табиғатқа зиянын тигізбеуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экотуризмді дамыту табиғатқа зиянын тигізбеуі тиіс

15.01.2021

Экотуризмді дамыту табиғатқа зиянын келтірмеуі керек. Осылай деген қоғам белсенділері ұлттық табиғи парктердің тендерлік құжат жобасын талқылауға қатысты. Қазір Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктеріне туристерді тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық табиғи аумақтарда 2021-2023 жылдар аралығында визит-орталықтар, кемпингтер, этно-қонақ үйлер мен этноауылдар, көру алаңдарын және басқа да нысандар салу жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына, сондай-ақ парк аумағын дамытуға арналған байқауға кез-келген инвестор қатыса алады. Шараға қатысқан қоғам белсенділері өздерінің ұсыныстарын айтып, шетелдік туристерге арналған тарихымыздан сыр шертетін орталық ашу идеясын ұсынды.  

Мұрат Әбенов, қоғам белсендісі:
Ұзақ мерзімге салынатын зат болмауы керек. Бетонмен құрылыс салмау керек. Тек уақытша ғана табиғатқа зиянын келтірмейтін материалдармен жасалуы керек.

Хабарламаларға жазылу