Құрбан айт мерекесі 31 шілдеде басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрбан айт мерекесі 31 шілдеде басталады

22.07.2020
Құрбан айт мерекесі 31 шілдеде басталады

«22 шілде күні – зұлхижжа айы басталады. 30 шілде – Арапа күні. 31 шілде мен 1-2 тамыз күндері – Құрбан айт. Зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер болып есептелінеді. Сондықтан осы кезде ынтамен ғибадат ету, көбірек ізгі іс істеу қажет», деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Бұған дейін діни басқарма карантин режимінің ұзартылуына байланысты мешіттерде айт намазы оқылмайтынын айтқан еді.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады.

Сайт арқылы қазақстандықтар ешқайда бармай құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады.

Хабарламаларға жазылу