Жемқорлықты жою үшін электронды теңгені енгізу ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, бұл бюджет қаражатының ашықтығын толық қамтамасыз етеді.
«Тағы бір маңызды әрі болашағы бар бағытқа назар аударғым келеді. Ол – электронды ұлттық валютаны жасау. Осы бастаманың арқасында қолма-қол ақша азаяды. Парақорлар үшін қолма-қол ақшаның болғаны ыңғайлы екені белгілі.
Жалпы, жемқорлық мәселесін тек ұстап-қамаумен ғана шеше алмаймыз. Сондықтан жоспарлау мен бюджет қаражатын игеру жүйесін түбегейлі өзгерту керек» ,– деді Шпекбаев агенттіктің алқа мәжілісінде.