Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталды

10.02.2024

Теңге ілуден спортшылар бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр. Бұл туралы федерациясының кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Жиында қатысушылар теңге ілу спортын дамытуға, оның ережесін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, спортшының шауып өткен уақыты теңгені іліп алуға берілген уақыттан асып кеткен жағдайда, әрбір секунд үшін 1 ұпай шегеріп отыру туралы өзгеріс енгізу ұсынылды. Мұны жиналғандар қолдады. Федерация президенті бұл спорт түрін насихаттау үшін бірқатар жұмыс атқарылғанын жеткізді. Мысалы биыл Қытайдың Үрімші қаласында «Теңге ілу» федерациясы ашылған.

Амангелді Әбдіқадыров, теңге ілу федерациясының президенті:

2024 ең басты жоспар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жақсылап дайындалып, сол жерде жеңісті тұрғырларға спортшылардың көтерілуі. Халықаралық федерацияны осы сәуір айында құру жоспарланып отыр. Ол мақсатымыз «Теңге ілу» спортын басқа елдерде, мемлекеттерде енгізу үшін.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу