Үкімет басшысы Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы жөніндегі комиссия құру туралы шешім жобасын енгізуді тапсырды.
«Комиссия жер ресурстарын одан ары пайдалану бойынша нақты ұсыныстарды дайындауы қажет», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Премьер-Министр сондай-ақ бірінші вице-премьер Әлихан Смайыловқа мемлекеттік органдар және ұлттық холдингтармен бірлесіп, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін пысықтап, екі аптаның ішінде шешім жобасын енгізуді жүктеді.
«Сондай-ақ әкімдіктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне бірлесіп, «Жұмыспен қамту» бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, тұрақты жұмыс орындарын санын ұлғайтуды тапсырамын», - деді ол.