Қазақстандықтарға жерді жекеменшікке беруге қатысты мораторий 5 жылға ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарға жерді жекеменшікке беруге қатысты мораторий 5 жылға ұзартылды

25.04.2021

Жер реформасы жөніндегі комиссия кеше соңғы мәжілісін өткізді. Комиссия мүшелері дауыс беріп, Қазақстанның азаматтарына жерді сату мен жерді жекеменшікке беруге мораторий жарияланды.

Көпшілігі жерді сатуға қарсы болған, дегенмен «сөйту керек» дегендер де болған. Алмасбек Садырбаев «жерді жекеменшікке беру» керек десе, Рахим Ошакбаев «сату керек» деген. «Ауыл шаруашылығының министрінен бастап ведмоство өкілдері жерді сатуды жақтап сөйледі. Өздерінше дәлелдер келтірген болды. Бұл негізі Үкіметтің жерге қатысты позициясын білдірсе керек. Алайда, комиссия мүшелері жер сатқыштарға қарсы тойтарыс беріп отырдық. Әсіресе, Дос Көшім ағамыз жақсы сөйледі. Сонымен мораторий жарияланды. Бұны қазақ «итжығыс» дейді»,- деп жазды комиссия мүшесі Дәурен Қуат.

Президенттің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Кариннің бірнеше мәселе бойынша комментарийі.


Жер мәселесі

Хабарламаларға жазылу