Қызылорда облысында жедел жәрдем қызметінен бөлек, емханалар жанынан құрылған мобилдік топтар тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр. Халыққа дер кезінде дұрыс медициналық көмек көрсету мақсатында мамандар үй жағдайында ауырып жатқан сырқаттарды дәрігерлік бақылауға алды.