Көкшетаулықтар сауда орнында коронавирусқа қарсы екпе ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулықтар сауда орнында коронавирусқа қарсы екпе ала алады

02.04.2021

Көкшетауда мобильдік топтар мекемелерге барып, коронавирус инфекциясына қарсы екпе салуды бастады. Алғашқы болып мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері вакцина алуға ниет білдірді. Өйткені салық органының өкілдері тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Қаладағы сауда ойын-сауық орталығында тұрғындарды вакциналау басталды. Ол үшін арнайы орындар әзірленді. Бүгін 30-ға жуық адам вакцина қабылдады. Облыс бойынша барлығы 110 мобильдік топ жасақталған. Олар мекемелерге, кәсіпорындарға арнайы барып екпе салады. Осы уақытқа дейін 6 мыңнан астам адам ковидке қарсы вакцина қабылдады. Кеше өңірге 3700 дозасы жеткізілді. Алдағы күндері тағы 24 мыңы әкелінбек. Айта кету керек, облыста дертті жұқтырғандар көбейіп, өңір бүгін жасылдан сары аймаққа ауысты.   

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу