Құрбандықты қашықтан шалуға болады - ҚМДБ

03.07.2020

Карантин шаралары ұзартылған жағдайда мешіттерде айт намазы оқылмайды және құрбандықты қашықтан шалуға болады

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров айтты.

Сондай-ақ діни басқарма Құрбан айтқа қатысты түсініктеме берді.

«Халықаралық астрономиялық институттардың болжамы бойынша биылғы Құрбан айт 31 шілдеге сай келеді. Дегенмен, оның нақты күнін 10 күн бұрын жариялап айтатын боламыз», - деді Ершат Оңғаров.



Хабарламаларға жазылу