Қазақстанның қазіргі саяси-құқықтық жүйесін құрудағы Елбасының рөлі туралы кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның қазіргі саяси-құқықтық жүйесін құрудағы Елбасының рөлі туралы кітап жарық көрді

01.07.2020

Бүгін «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысындағы рөлі: Елбасы тәжірибесі» атты кітаптың таныстырылымы болды. Онлайн өткен шараға конституциялық кеңес мүшелері мен отандық, шетелдік қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Кітап Тұңғыш Президенттің мерейтойына және Конституцияның 25 жылдығына орай дайындалған. Онда Тұңғыш Президенттің негізгі заңды дайындау мен іске асырудағы, еліміздің қазіргі саяси-құқықтық жүйесін құрудағы басты рөлі туралы баяндалған.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу