Ресейде азаматтардың 76 пайызы Конституцияны өзгертуге дауыс берді

29.06.2020

Ресейліктердің 76 пайызы референдумда президент Владимир Путинге 2036 жылға дейін билік етуге рұқсат беретін реформаны қолдап дауыс берді. Мұны Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізген экзит-полл анықтап берді.

Конституцияға өзгеріс енгізуге дауыс беру маусымның 25-де басталды. Ол бір аптаға созылып, бұл плецбицит нәтижесінде президенттің рөлі артып, ер мен әйелдің арасындағы одақ қана неке деп танылып, Ресей Кеңес одағының тікелей мұрагері ретінде негізгі заңда көрсетілмек.

Реформаны осыған дейін парламенттің екі палатасы және Конституциялық сот қолдап, заңға айналған құжатқа Кремль басшысы қол қойған еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу