Солтүстік Бозашы кен орнында 95 жұмысшы коронавирус жұқтырды

29.06.2020

Компания басшылығы қауіпті індетке шалдыққан жұмысшыларын бірден үйлеріне қайтаруды шешкен. Алайда, кейбір кеншілер бұған қарсылық білдіріп, бейнеүндеу жолдады. Олардың айтуларынша, қазіргі жағдайда үйге бару отбасы мүшелерінің денсаулығына қауіпті. Сондықтан кен орнында емделулері қажет. Жұмысшылар вахтаға келер кезде тест тапсырған. Теріс нәтиже алғандар жұмысқа келді. 2 аптадан кейін қайта тест тапсырғанда 95 жұмысшыдан қатерлі дерт анықталып отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жұмысшылардың мәселесі шешіліп, кен орнындағы жағдай тұрақталды. 

Аягөз Оралбай

Хабарламаларға жазылу