Үкімет 2 күннің ішінде қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет 2 күннің ішінде қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс

29.06.2020

Ақордадағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Індетпен күрес, теріс әлеуметтік және экономикалық әсерлерді жою бойынша барлық шешімдерді Премьер-Министрдің жетекшілігіндегі Мемлекеттік комиссия аясында әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия сыни ресурстарды бөлуге орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдану мақсатында Мемлекеттік комиссияға екі күндік мерзімде осы жылдың наурыз-мамырында қолданыста болған қатаң карантинді енгізу бойынша мәселелерді әзірлеп, менің қарауыма ұсынуды тапсырамын», - деді.

Хабарламаларға жазылу