Алексей Цой: Қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданады

30.06.2020
Алексей Цой: Қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданады

Жақын арада мемлекеттік комиссия қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім қабылдайды. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.

«Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал мен бизнеске ықпалды есепке ала отырып, біз бірнеше нұсқаны ұсындық: карантин енгізу немесе қатаң шектеу шараларын енгізу. Оның бәрі қазір қаралып жатыр. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия жақын арада қабылдайды», - деді министр.

Хабарламаларға жазылу