Президент Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

28.06.2020

Қ.Тоқаев Twitter-дегі парағында: Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор»,- деп жазды.  

Ал дәстүрлі Президент сыйлықтарын, гранттарын, алғыс хаттарын бөлгенде арасында біздің арнаның Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің жүргізушісі, әрі тілшісі Альбина Әшім бар, ол Президенттік грантпен марапатталды. Ал тағы бір әріптесім Саламат Омаш «Нұр Отан» партиясының «Нұр Сұңқар» сыйлығын алды. Іріктеуге жіберілген материалдарының ішінде Нұр-Сұлтан ұйқыда жатқанда қала тазалауға қала маңындағы елді-мекеннен келетін келіншек туралы «Аптадан» өткен очеркі де бар...

Айтпақшы, «Nur Otan» партиясы демекші, The Washington Times басылымында Қазақстандағы соңғы саяси реформаларға арналған мақала жарияланған. Авторы Лондон саяси зерттеулер орталығының қызметкері Джесси Джейн Дафф, «Nur Otan» партиясы тамыз айына жоспарлап отырған праймеризді – партияішілік сайлау өткізуді жоғары бағалаған.


Хабарламаларға жазылу