Елде коронавирустың симптомсыз түрін 15 мыңға жуық адам жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде коронавирустың симптомсыз түрін 15 мыңға жуық адам жұқтырған

26.06.2020

Ал Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мәліметінше, елде коронавирус инфекциясының симптомсыз формасын 15 мыңға жуық адам жұқтырған. Олардың 12 мыңдайы дәрігерлер бақылауында. Тағы 2 мың науқас вирустың жеңіл түрімен ауырып жатыр. Орталық төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынованың айтуынша министрлік симптомсыз пациенттерді емдеу бойынша бірқатар құжаттарды мақұлдаған. Нұсқаулық барлық амбулаторлық мекемелерге жіберілді. Арнайы әзірленген бақылау чек-парағы амбулаторлық емдеудегі науқастарға өздігінен бойындағы өзгерістерді бақылауға көмектеседі. Егер адам пневмонияның алғашқы белгілерін байқаса дереу мобильді топ шақыртып, инфекциялық стационарға жеткізіледі.  

Ләйла ДУЛАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу