Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар күрт көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар күрт көбейді

13.06.2020

Қазақстанда өткен тәулікте Covid-19 жұқтырған адам саны 366 болды. Бір тәуліктегі ақпарат осындай. Себебін айттық сан рет, салдарын және біліп отырсыздар. Дерт атағыңа, ақшаңа, лауазымыңа, қызметіңе қарап жатпайды. Адамды алалау ауруда жоқ қасиет. Содан шығар өзге түгіл өзімізде ел алдында жүрген азаматтардың дертке шалдыққаны. Кеше мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жазба жариялады. Оның алдында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиді Covid-19 қақпанына түсірді. Коронавирустың қолы жеткен барлық адам тез сауығып кетсін деп тілейміз. Тап осы тұста жүрегіңе қанжар қадайтын сандырақтарды айтпасқа болмас. «Коронавирус өтірік, шенеуніктер халықты сендіру үшін әдейі ауырып қалған. Бұлардікі жұрттың алдайтын ойын» деген жазбаның ондағанын көзіміз шалды. Тіпті кей пысықтардың: «коронавирусқа сенбеймін, маған содан қайтыс болған адамды көрсетке ғана сенемін» деген жазбаларын да көрді ғой мына көзіміз. Бір-бірін өкпеге қиса да, өлімге қимайтын қазақтың қолы әлгіндей әңгімелерді қалай ғана жазды екен деп қорқасоқтап қаласың. Бұл біреудің шатпағы болғанмен, бәрімізге сын. Өйткені сауығып кетіңіз деуге ауызы бармаған адамнан сау адамның әрекетін күту бекер. Демек біздің қоғамда қандай да бір қателік бар деген сөз. Ағайын, біз дертке шалдыққан әр адамға саулық тілейік. Бұл ұлтқа, дінге, тілге, ділге бөлінетін кез емес. Егер түзу жолда тік жүре алмай жүргендер болса келесі сюжетті көрсін, бізде назар салайық.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу