Президент «Ана тілі» газетіне арнайы сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Ана тілі» газетіне арнайы сұхбат берді

25.06.2020

Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезең. Ғылым мен білімге, еңбекке иек артатын дәуір келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне арнайы сұхбат беріп, қоғамның өзекті проблемаларына жауап берді.

Мемлекет басшысы осы тұста отандық кинометографияның жұмысын сынға алды. Ұлттық идеологияға үлес қосуы тиіс киногерлерде ауызбіршілік жоқ екенін ашық айтты. Ал бізге қазір тарихи оқиғаларды дәріптейтін сапалы дүниелер керек-ақ. Жалпы, тіл мәселесін асығып-аптықпай, байыппен шешкен жөн.

Президент еңбек адамдарына құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасау керектігін ерекше екшеп айтты. Қоғамның құрметіне бөлену үшін лауазымды қызметте болу міндет емес. Еңбекке баулу идеологиясына қоғам болып үлес қосу керек. Әсіресе, ақын-жазушылардың насихаты маңызды.

Қазір әлем тағы бір қауіпті шекте тұр. Қырғи-қабақ тараптар көп. Ірі державалар арасындағы текетірес күшейіп, қақтығыстар шиеленісе түсті. Осындай қиын кезеңде бізге тыныштық пен тұрақтылық қажет. Сондықтан, «митингшілдікте» абай болған жөн.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу