Президент қай басылымдарды оқитынын, телеарналардан не көретінін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қай басылымдарды оқитынын, телеарналардан не көретінін айтты

17.02.2022

Мемлекет басшысы өз сұхбатында мерзімді баспасөзді үзбей қарайтынын жеткізді.

««Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» сынды газеттерді оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» басылымдарын міндетті түрде оқып тұрамын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал телеарналардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламарды қараймын», - деді Президент.

Хабарламаларға жазылу