Мақтааралда салынып жатқан баспаналардың құрылысы бітуге жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтааралда салынып жатқан баспаналардың құрылысы бітуге жақын

18.06.2020

Түркістан облысының Мақтарал ауданында тасқын судан зардап шеккен отбасылар үшін салынып жатқан баспаналардың алғашқы легі бітуге таяу. Қазір тоғыз үйдің шатыры жабылып, есік-терезелері орнатылып қойған. Ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ мемлекет қаржысына өз күшетерімен үй салып алуға кіріскен «Өргебас» пен «Фердоуси» ауылдарында да 50-ге тарта баспананың іргетасы құйылып, қабырғасы қалана бастады.

Ал «Өргебас» пен «Фердоуси» ауылдарында тасқын кезінде қирап қалған баспаналардың 80 пайыздайының орны тазарталып бітті.

«Өргебас» пен «Фердоусиде» құрылыс жұмыстары қыркүйекте бітуі тиіс. Ал қалған үш ауыл тамыз айының басында Мырзакенттегі жаңа үйлерге жайғасып, қоныс тойын тойлайтын болады. Сондай-ақ бұған дейін тұрақты баспанасы болмаған.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу