Жамбыл облысында апатты мектептердің орнына жаңасы салынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында апатты мектептердің орнына жаңасы салынуда

20.12.2014
Жамбыл облысында апатты мектептердің орнына жаңасы салынуда

Елбасы биылғы Жолдауында Үкіметке үш ауысымды және ғимараты апатты деп табылған мектептерді түбегейлі жоюды тапсырды. Бұл тірлікті жылдам қолға алған аймақтардың бірі - Жамбыл облысы. Апат жағдайында тұрған 20 мектептің он бірінің құрылысы биылдың өзінде басталып кетті. Ал алдағы 2 жылдың ішінде өңірде бұл қиындық шешілгелі отыр.

«Досбол» ауылындағы балалар оқып жатқан мына ғимарат осыдан 70 жыл бұрын салынған. Бастапқыда жатақхана ретінде тұрғызылғандықтан мектептің ыңғайына сай емес. Сынып бөлмелері тар. Зертханалық жұмыстар жүргізетін кейбір пәндерді өз деңгейінде оқытуға мүмкіндік жоқ. Қазір мұнда  екі аусымда 70 бала білім алады.

Өңірдегі тап осындай  күй кешіп отырған 11 мектептің орнына қазір жаңасы салынып жатыр. Оның біреуінің құрлысы бітуге таяды. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында алғашқы қоңырау соғылмақшы. Ал апатты жағдайдағы қалған тоғыз білім ошағының құрылысы алдағы жылдардың еншісіне орайластырылған.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу