Ақ үйден қалған естеліктер: Джон Болтонның кітабы АҚШ қауіпсіздік қызметінің жұмысын әшкере етуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақ үйден қалған естеліктер: Джон Болтонның кітабы АҚШ қауіпсіздік қызметінің жұмысын әшкере етуі мүмкін

18.06.2020
Ақ үйден қалған естеліктер: Джон Болтонның кітабы АҚШ қауіпсіздік қызметінің жұмысын әшкере етуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі экс-кеңесшісі Джон Болтонның естеліктері жазылған кітап елдің қауіпсіздігі мен барлау қызметіне нұқсан келтіруі мүмкін. Кітап әлі жарық көрмесе де, ішіндегі көптеген деректер ғаламторда тарап кетті.

«Құпия ақпараттарға қол жеткізген АҚШ-тың кез-келген азаматы шені мен әлеуметтік жағдайына қарамастан оны құпия түрде сақтауға міндетті»,- деп мәлімдеді Ұлттық барлау қызметінің директоры Джон Рэтклифф Twitter-дегі жазбасында.

АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, Болтон мен оның кітабын жарыққа шығару тиіс Simon & Schuster баспаханасына құқық қорғау органдары тарапынан шағымдар көптеп түсуде. Мысалы Вашингтонның федералды соты экс-кеңесшіге мемлекеттік құпияны жария еткені үшін қылмыстық жаза тағайындауға дайын екенін жеткізсе, Әділет министрлігі «Барлығы орын алған бөлме: Ақ үйден қалған естеліктер» кітабының шығарылымын кейінге шегеріп, құпия ақпараттарға тексеріс жүргізу керек деп отыр.

Шетелдік БАҚ көздерінің мәліметіне сүйенсек, Джон Болтонның кітабында Дональд Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпиннен 2020 жылы болатын президенттік сайлауда жеңіске жетуге көмек сұрағандығы туралы айтылған. Сондай-ақ кітапта президенттің Ұлыбританияда ядролық қару бар екенін білмеуі және Ресей басшысы Владимир Путин президент Трампты оңай басқаруға болатынына сенімді екендігі туралы пікірлер жазылу тиіс болған.

Джон Болтон өткен жылдың қыркүйек айында Дональд Трамптың шешімімен жұмысынан босатылды. Президент мұндай әрекетке экс-кеңесші жіберген «үлкен қателіктер» итермелегенін айтқан еді.

BBC


Хабарламаларға жазылу