Ақ үй: Иран Израильге осы аптада соққы беруі мүмкін
АҚШ барлау қызметінің дерегінше, Иран Израильге осы аптада шабуыл жасауы мүмкін. Мұны Ақ үй мәлімдеді. «Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, Израиль армиясы ықтимал шабуылға мейілінше дайын отыр. Пентагон Таяу Шығысқа атомдық сүңгуір қайық жіберді. Өңірдегі ахуал Хамас басшысы Исмаил Ханияның қазасынан кейін ушықты. Иран шабуылға байланысты Израильді айыптап, одан кек алуға уәде берді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Италия Иранды Израильге қарсы шабуыл қаупін тоқтатуға үндеді. Ал «Хамас» пен Израильді оқ атуды тоқтатуға шақырды. Қарсыласқан тараптар бейсенбіде Каир немесе Дохада келіссөзді қайта бастауы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испанияда тасқыннан экономикаға миллиондаған еуро шығын келді
09.02.2026, 10:16
Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 80 көлік шығарылды
09.02.2026, 10:13
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 73 адам құтқарылды
09.02.2026, 10:13
Тұрғын үй бағасы: 2026 жылы не өзгереді?
08.02.2026, 19:50
Торғай өңірін дамытуға алдағы 3 жылда 165,5 млрд теңге бөлінеді
08.02.2026, 19:49
МӘМС жүйесінде қандай заңсыздықтар анықталды?
08.02.2026, 19:45
Алматылық Falcon EuroBus компаниясы Пәкістанға 600 электр автобусын жеткізеді
08.02.2026, 18:53
Жаңа Конституцияда теңге ұлттық валюта ретінде бекітіледі
07.02.2026, 20:37