Қаржы министрлігі қызметтік көліктерден бас тартып, қыруар қаржы үнемдемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы министрлігі қызметтік көліктерден бас тартып, қыруар қаржы үнемдемек

14.02.2019

Есесіне үнемделген қаржы есебінен қызметкерлердің айлығы өспек. Былтыр 400-ден астам қызметтік көлікті сатып алмай, 3,5 миллиард теңгені үнемдепті. Бүгін министрлік басшылығы былтырғы атқарған жұмыстарын қорытындылап, биылғы жоспарларымен бөлісті.

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік бюджет кірістері артығымен орындалып, 8,2 млрд теңгеге жеткен. Бюджетті игеру жұмыстары да жүйелі. 99 пайыз. Дегенмен, кейбір салалардың ісі бұл бағытта солқылдақ. Осы мақсатта биыл бюджетті игеру жұмыстары оңтайландырылады. Ал, мемлекеттік сатып алу жұмыстары толығымен электронды форматқа көшкенімен, кейбір өңірлерде ірілі-ұсақты құқықбұзушылықтар орын алуда. Әсіресе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында мәселе өзекті. Алдағы үш жылда көлеңкелі экономиканы 40 пайызға дейін жарыққа шығару тапсырмасы тағы тұр.

Олжас Отар, Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

- Биыл «Астана-1» жобасы арқылы мемлекет қазынасына 200 млрд теңге артық табыс түсуін қамтамасыз етеміз.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу