Қаржы министрлігі өткен жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы министрлігі өткен жылды қорытындылады

22.02.2018

Қаржы министрлігінің басты міндеті – мемлекеттік сатып алулардың үнемі ашық, әділ өтуіне қол жеткізу. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев айтты. Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомствоның өткен жылы атқарған істері қорытындыланды. Былтыр Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды толығымен электрондық жүйеге көшірді. Бұл мемлекеттік сатып алудың сапасын арттырып, осы саладағы 11 мыңнан астам заңбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік берді. Биыл да бірталай жаңашылдық енгізу жоспарланған. Бірыңғай  ІТ-платформасын құрып, осылайша жер қойнауларының саудасын, «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры мен «Бәйтерек» холдингіндегі мемлекеттік сатып алуларды қадағалап отыру көзделген.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Біраз жұмысты атқаруымыз керек. Ең біріншіден, ол – өзіміздің салық пен кеден саласындағы әкімшілендіруді цифрландыру жұмыстары. Бірақ, өткен жылдың барлық бюджет деңгейлерінде жоспар асыра орындалған. Оның ішінде ең маңыздысы, шағын және орта бизнестің түсімі 11,4 пайызға көтерілгені

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу